Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Министр өңір халқымен, теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Марат Қарабаев аймақ тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Өңір халқы бірнеше жыл бұрын облыс орталығы мен Ресей Федерациясының Новосибирск және Томск қалаларына қатынайтын теміржол қозғалысын іске қосуды сұраған болатын. Бұл мәселенің шешімін өңірге жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Марат Қарабаев тұрғындармен кездесуде айтты.

Облыс тұрғындары өткен жылы жолаушы пойыздарының вагондарын ауыстыру мәселесін де қозғаған болатын. Олардың айтуынша, қолда бары ескі және ыңғайсыз, сондықтан оны жаңарту қажет.

Көлік министрі, тұрғындарды мазалаған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Мәселен, аймақтағы жолдарды салу және жөндеу сапасына бақылау жүргізу. Барлық жұмыстарды жол активтері сапасының ұлттық орталығы қадағалайтын болады, деді көлік министрі Марат Қарабаев.