Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Қарттар күні халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Бұл күн 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Аймақта 140 мыңға жуық қария бар. Биыл облыста «Мейрімділік айлығы» акциясы бастау алды. Шара аясында сегіз мыңға жуық ардагерге көмек көрсету көзделген.

Облыс бойынша Қарттар мен Мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне арналған концерттік бағдарламалары бар іс-шаралар басталып кетті. Сонымен қатар өңірімізде жыл сайын Қарттар күніне орай 1-қазаннан қарашаға дейін «Мейірімділік айлығы» акциясы өткізіліп келеді. Қарттар күніне және Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған осынау акцияны өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары да бекітілген.

Бүгінде облыста арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 7 орталық бар. Мемлекет қарамағынан бөлек, жеке меншік мекемелерде жұмысын үйлестіріп отыр.Солардың бірі - 4 жыл бұрын қолданысқа берілген «Қамқор» орталығы.

Бүгінде «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 50-ден астам қария тұрады. Көпшілігі бұл жерге бауыр басып, мұндағы жылылыққа да үйреніп қалған. Өз үйлеріндей көреді. Тұрғындар бір-біріне бауырмал әрі тату. Айтар әңгімелері де ортақ. Қарттар үйіндегі ең үлкен тұрғын 94 жастағы Мария Прыгова. Арнайы мекемелерде қарияларға арналған барлық жағдай жасалған.