Облыс орталығында маңызды шараның заң талаптарына сай өтуін 503 тәуелсіз байқаушы бақылады. Олардың 112 –сі Өскемен қаласындағы референдум учаскелерінде өз міндеттерін атқарды. Референдумда дауыс берушілердің тіркеуден өтуі, таңдау жасауда құқықтарының бұзылмауын назарда ұстайтын байқаушыларға жүктелген жүк ауыр. Олар бұл жолғы саяси науқанда да қырағылық танытып, өздеріне сеніп тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарады. «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастар қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Назым Бақтыбаеваның айтуынша бүгінгі дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық пен қателіктер анықталмаған.