• Аймақтағы полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тың технологияны қолданып жатыр. Тәртіп сақшылары «Кибер-Шериф» атты автоматтандырылған мобильді кешенді іске қосты. Аталған кешен қала сыртында жол ережесін бұзған азаматтарды жедел анықтайды.
  • Тәртіп сақшылары «Кибер-Шериф» мобильді кешені жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға сеп болады деп отыр. Кешен бір уақытта бірнеше құқық бұзушылықты тіркеуге қауқарлы.
  • Мобильді кешен арқылы анықталған жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бірден әкімшілік өндірістің бірыңғай тізіліміне жіберіледі. Жүйеге түскен ақпарат тікреуден өткен соң, ережені елемеген азаматқа айыппұл төлеу туралы хабарлама жолданады.
  • Жол ережелерін сақтап, апаттың алдын алу – әрбір жүргізушінің міндеті. Облыстық ПД жүргізушілерден жол ережесін бұзбауға және бекітілген жылдамдықты сақтауға шақырады.