Өскеменде «Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі есепті дайындау» тақырыбында семинар өтті. Шараға ЮНЕСКО сарапшысы Василий Шахгулари арнайы келді. Бұл шетелдік мейманның елге жасаған екінші сапары.
Елдің Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясының орындалуы бойынша кезеңдік баяндамасын әзірлеп жатыр. Бұл баяндама биыл бекітілген талапқа сәйкес 15 желтоқсанда жолдануы тиіс.
Қазіргі таңда құжатты әзірлеу жұмысы республика көлемінде жүзеге асырылуда. Құжжатта 2017- және 2023 жыл аралығында іске асқан бастамалар туралы ақпарат көрсетіледі. Облыста тарихи және мәдени мұраны сақтау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.