Облыс орталығында Республика күніне орай “Менің Қазақстаным” атты мерекелік концерт өтті. Ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мейрам қарсаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түрлі сала мамандары марапатталды.
“Менің Қазақстаным” атты мерекелік шараға қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының үздіктері мен қарапайым еңбек адамдары жиналды. Шара аясында облыс әкімі Ермек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.
Концерт барысында Шығыс Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтар еңбегі ескерусіз қалмады. Солардың бірі - Есмұхамбет Ұябаев. «ОблШығысЖол» ЖШС автогрейдер машинисі. Осы салада 15-жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ал Самар ауданы Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлмира Ратаева «Құрмет» орденімен марапатталды. Саналы ғұмырын білім беруге арнаған ұлағатты ұстаз, бұл менің оқушыларымның жемісті жетістіктерінің нәтижесі, дейді
Мерейі үстем болғандар қатарында өнерпаздар, әлеуметтік қызмет көрсету саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының үздік мамандары да бар.
Салтанатты жиын облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.