Республика күніне орай өскеменде саптық шеру ұйымдастырылды. Ал Жастар ресурстық орталығы шара аясында әнұран орындап, мемлекеттік ту көтерурәсімін өткізді.
Ұлттық мерекені өскемендіктер ерекше тойлады. Үлбі жағалауына жиналған қауым саптық шеруге қатысып, кейін мерекелік концертті тамашалады. Шеруге қатысқан жастар 24 метрлік туды көтерді.
Алаңға жиналған қауым жергілікті өнер жұлдыздарының ән мен биін тамашалады. Бұдан бөлек, жастардың көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі ойындар мен спортық жарыстар ұйымдастырылды.
Көрерменнің ұйымдастырылған шарадан керемет әсер алғаны сөзсіз. Мемлекет басшысы айтқандай бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн.