Облыс орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінің концерті өтті. Өнер ұжымын қала тұрғындары мен қонақтары ерекше қошеметке бөледі.

 «Отырар сазы» оркестрінің репертуарында тек фольклорлық шығармалар ғана емес, қазақстандық композиторлардың, әлемдік классикаға айнлаған туындылар бар.

Оркестрде дәстүрлі домбыра мен қобыздан бөлек жетіген, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ сынды ұлттық аспаптар бар.

Бас дирижер Дінзухра Тілендиева жетекшілігімен орындалған әр туынды көрермен жүрегінен орын тапты.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өткен концертте ине шаншар орын болмады. Айта кетейік, бұл «Отырар сазы» оркестрінің шығысқа алғаш келуі емес. Бұған дейінде өнер ұжымы Өскеменде шығармашылық кеш өткізген.