Зайсан ауданында мектепке дейінгі біліммен қамту ісі қарқынды. Қазіргі уақытта мұндағы 2 536 бүлдіршін балабақшаға барады. Жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 98,5 пайзды құрайды.
Зайсан қаласында бой көтерген «Бақытты балапан» балабақшасы 100 орынға шақталған. Бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан нысан заманауи үлгіде жабдықталған. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Балаларға бес уақыт тамақ беріледі. Қауіпсіздік шаралары да сақталған. Барлық жерде бейнебақылау камералары бар. Ал мұндағы білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәліммен қатар, ұлттық құндылықтарды да дәріптеп жүр.
Тәрбие тал бесіктен бас¬талуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз дейді, кәсіпкер
Зайсан ауданында бүгінгі күні мектепке дейінгі біліммен қамту ісімен 20 балабақша, 12 шағын орталық айналысады.Бұл мекемелердің барлығы заманауи жабдықтармен толық қамтылған.Жалпы ауданда мектепке дейінгі білім, тәрбиемен қамту ісі қарқынды. Биыл 40 орынға шақталған «Балапан» және 50 орындық «Алтай-Шың» балабақшалары ашылды. Бұл бастама ауданда кезек күткен балғындардың мәселесін түбегейлі шешу үшін қолға алынған.
Тәрбиеші болу – сырттай оңай шаруа көрінгенімен, бұл мамандықтың қоғам үшін маңызы зор. Қызығы мен шыжығын кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар ғана түсінеді. Бұл мамандықта үлкен ізденіс, парасат қажет.
Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында әрі қарай да еңбек етуге әзірміз, - дейді балабақша тәрбиешілері.