Облыста полиция департаменті және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Есірткісіз қала» акциясын ұйымдастырды. Шараға ЖОО белсенді студенттері де ат салысты. Мақсат – есірткіге еліткен жасөспірімдерді қоғамдық кеселден қорғау және оның айналымына тосқауыл қою. Акцияға қатысушылар қоғамдық орындарда және көлік тізгіндегендерге есірткінің зияны туралы жадынама таратты.
Бүгінгі таңда елде нашақорлықпен күрес шаралары күшейтілген. «Адам өміріне қауіпті психотроптық препараттарға әуестеніп алып, соңында өкініп қалатындар жетерлік», - дейді салалық басқарма мамандары.
Шараның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, есірткі қолданудың теріс ұстанымын қалыптастыру.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері есірткімен күрес шаралары өңірде жалғасын табатынын айтты.