Аймақ басшысы Ермек Көшербаев «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен Үндістанның мемлекеттік IREL Limited компаниясы «IREUK Titanium Limited» бірлескен қазақ-үнді кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Бірлескен кәсіпорынның негізгі мақсаты – Үндістан Республикасында титан шлагын өндіретін зауыт салу. Бұл екі елдің дамуына елеулі үлес қоспақ. Аталмыш шара Үндістан Республикасының Мумбай қаласында өтті. «ӨТМК» АҚ тарапынан келісімге компания президенті Әсем Мамутова, ал IREL Limited тарапынан басқарушы директор Дипендра Сингх қол қойды.