«Үміт» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 30 жыл бойы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Сондай шаралардың бірі облыстық филармонияда ұйымдастырылды. Бұл жолы жас өрендер «Үміт сұлтаны» байқауына қатысты. Шараға ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев арнайы келді.

ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев игі бастаманың маңыздылығына тоқталып, балаларға сәттілік тіледі. Бүгінде аталмыш байқау дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл балалардың бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерді ашуға сеп. Биылғы шара «Мен қазақ жігіті болуға лайықпын» деген тақырыппен өтті. Мұнда балалар адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік сынды қасиеттерді бойларына сіңіреді.

11-13 жас аралығындағы жасөспірімдер төрт кезең бойынша сынға түсті. Байқауға қатысушы Александр Крайкин өзінің батылдығы мен қазылар алқасын тәнті етті. Өз өнерін көрсету арқылы көрермен көзайымына айналды.

Қатысушылардың басым бөлігі әскери салада қызмет етуді мақсат еткен. Еліне, жеріне адал болуды армандайды дейді , - «Үміт» балалар үйі директорының орынбасары Сәуле Әлімбаева. Байқау қорытындысы бойынша Александр Ефимов «Үміт сұлтаны» атанды.