Өскеменде Халықаралық зағиптар күніне орай «Қараңғылықтың табалдырығын атта» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараның өтуіне облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы мұрындық болды. Мерекелік кеште түрлі үйірмеге қатысып, шығармашылққа белсене араласып жүрген кітапхана оқырмандары өнер көрсетті.
Елде жанарынан жарық тайған азаматтарға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Олар өнерге де, еңбекке де белсенді араласып жүр. Солардың бірі – Александра Леонтьева. Ол өмірін музыкасыз елестете алмайды. Сондықтан бүгін ол көпшіліктің алдында өзінің сүйікті әндерінің бірін орындады.
Шығармашылық шарада ән мен биден бөлек, поэзиялық оқулар да ұйымдастырылды. Мұнда кітапхана оқырмандары үшін керекті жағдай жасалған.
Зағип жандар шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Көңіл сергітер кеш, ән-биге ұласты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ғана емес, оларды дамытуға арналған игі іс.