Өскеменде аудандардың мәдени күндері жалғасып жатыр. Бұл жолы Тарбағатай ауданынының кәсіпкерлері өз өнімдерін саудалады. Шара облыс әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен «Туған жер –алтын бесігім» жобасы аясында ұйымдастырылып келеді.
Бұл жолғы жәрмеңкеге Тарбағатай ауданы тыңғылықты дайындықпен келген. Кәсіпкерлері сүт өнімдерін, сиыр, қой, жылқы етін ала келген. Дәстүрге айналған шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевта қатысты.
Жәрмеңкеге тарбағатайлықтар ірі-қара, балық етінен бөлек, сүт, қымыз, құрт-ірімшік әкелген. Тауар бағасы әдеттегіден төмен.
Шараға жиналғандар палау, ыстық шай мен бауырсақ таратылды. Дәстүрлі жәрмеңкенің қайта жаңғырғанына қала тұрғындары дән риза. Мұнда жиналғандардың көпшілігі Тарбағатай ауданының тумалары. Туған жердің дәмін татып, өнімін сатып алып жатқанымызға қуаныштымыз, дейді олар.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар түрлі спорттық ойындарға қатысты. Шара соңы Тарбағатай ауданы өнерпаздарының концертік бағдарламасына ұласты.