Өңірде кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отырған азаматтар саны артып келеді. Ол өз кәсібін дөңгелетіп ғана қоймай, екі қолға бір күрек таппай жүргендерді жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында Өскеменде «CASSAK» креативті орталығы ашыллды.Аймақ басшысы Ермек Көшербаев орталыққа арнайы барып, ондағы азаматтармен тілдесіп қайтты. Шығармашылық ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты.
«CASSAK» креативті орталығының негізін қалаушы - Аяужан Әшімова. Кәсіпкер қазіргі уақытта «жұмыс істеймін», «алға қарай ұмтыламын» дегендерге мемлекет керектінің бәрін жасап отыр дейді. Тек ниет пен жан-жақты ізденіс керек.
Бұл орталықта күніне 5-6 азамат келіп жұмыс істейді. Әр маманның өз міндеті бар. Қазір орталықта заман талабына сай, еркін стильдегі киім-кешектер әзірленіп жатыр. Сол арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу көзделген. Облыста шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету шаралары жалғасуда. Мәселен, биыл аймақтағы бизнес өкілдеріне 9 млрд. теңгенің көмегі көрсетілген.
Ал кәсіп бастауға ниет еткен азаматтарға салалық басқарма өкілдері қажетті көмекті көрсетуге әзір.Жизнес жобаны әзірлеуден бастап, оны іске асыру жолын көрсетеді. Арнайы оқытудан да өткізеді.