Аймақтағы архивтер заман талабына сай өз қызметін дамытып келеді. Өңірде төрт облыстық, 7 аудандық мекеме бар.Бұл салада жалпы саны 240 азамат еңбек етіп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында салалық басқарма басшысының міндетін атқарушы Жайнар Шаянбаева атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, алда іске асырылатын жобаларға тоқталды.
Өткен жылы аймақтағы архив мекемелері 43 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал биыл қызмет алған азаматтардың саны 23 мыңға жуықтады.Бұл қызметтердің басым бөлігі электрондық портал арқылы жүзеге асырылған.
Халықты ақпараттандыру мақсатында архив мекемелері семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырған.
Мемлекеттік архив мекемелерінен қажетті ақпаратты электронды форматта алуға болады. Бұдан бөлек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.