ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев аймақтың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Вице-министр өңірдегі гидротехникалық нысандардың жағдайымен танысып, аудан, қала әкімдермен кездесті.

Қазіргі таңда аймақта қысқы маусымға әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр.ТЖ вице-министрі алдыме

н облыстық, республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан жылыту пункттерін аралады. Жолдарда 10 жылыту пункті орналастырылады.

Бұдан соң ТЖ вице-министрі жиын өткізді. Жиында жылыту маусымының жай-жапсары талқыланды.Басты мақсат – бұл кезеңді оқыс оқиғасыз өткізу. Айтып келмейтін апаттардың алдын алу негізгі міндет.

Жиын соңында ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдай кезінде оқиға орнына дер кезінде жету керектігін тағы бір мәрте еске салды. Өңірдегі салалық департамент мамандарына бірақатар тапсырма берді.