Өскеменде ерлер құрамасы допты хоккейден Қазақстан Республикасының Кубогын сарапқа салып жатыр. Ел біріншілігіне елдің түкпір-түкпірінен жиналған құрамалар өз ара кім мықтыны анықтауда. Жарыс үш күнге созылады.
Ерлер арасындағы ел біріншілігі игі дәтүрге сай жыл сайын өтеді. Мақсат- допты хоккейді жастар арасында насихаттау.
Алматы облысы құрамасының ойыншысы Қуаныш Маймақов бұл спорт түрімен айналысқанына 5 жылдан асқан. Аз уақыт аралығында бірнеше сайысқа қатысып, жүлдегер атанып үлгерген.
Жарыстың бірінші күні ШҚО командасы қарсыластарын 15:3 есебімен ойсырата жеңді.
Төрешілер жағы ел біріншілігінің әділ өтуіне бар күш-жігерімізді саламыз деп отыр.
Сайыс 3 күнге жоспарланған. Ел біріншілігінің жеңімпаздары кубокпен, арнайы медальдармен, мадақтама қағаздарымен марапаталады.