Зайсан ауданына қарасты Дайыр ауылындағы желілік учаске жаңа әкімшілік ғимаратқа көшті. Су жаңа нысан мамандар үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл мекемеде онға жуық азамат еңбек етеді. Олар бірнеше ауылды электр энегриясымен қамтамасыз етіп отыр.

1994 жылы құрылған Дайыр желілік учаскесі өңірдегі электр желілерін дамыту мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Учаскенің негізін қалаушы энергетик-ардагер Қабаш Тұрдыбеков.

Мамандардың сөзінше ғимарат заман талабына сай салынған. Жаңа нысан энергетиктердің жұмыс сапасын, кәсіби деңгейін арттыруға сеп болмақ.

Шарада аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Бұл нысан Зайсан ауданындағы энергетика саласының тұрақтылығы мен одан әрі дамуына жол ашады.