Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің танымал кәсіпкерлері бизнес-форумда бас қосты. «Нарық көшбасшылары» шарасына шағын және орта бизнес өкілдері жиналды. Форумда табысты бизнес құрудың қыр-сыры жайлы ақпарат берілді. Білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға құнды кеңестер берді.

Форумға 100-ден астам азамат қатысты. Мақсат-тәжірибе алмасу, іскерлік байланыс орнатып, елдегі кәсіпкерлік саласын одан әрі дамыту.

Форумның басты спикерлері-Дулат Бижанов пен бизнес-тренер Оксана Саликова. Форумға қатысушылар өз кәсіптерін жүргізудегі тәжірибелерін ортаға салып, заманауи трендтерді талқылады. Бұдан бөлек, онлайн сауданың болашағы, жаңа технологияларды енгізу жолдары туралы пікір алмасты.

Форумда кәсіпкерлікті дамытуға арналған нақты әдістемелер ұсынылып, жаңа серіктестіктер құруға мүмкіндік жасалды. Шара идеялармен алмасу, іскерлік байланыстар орнату және жаңа жобаларды әзірлеудің алаңына айналды.

 «Нарық көшбасшылары» форумы кәсіпкерлер үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Ұйымдастырушылар форумды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.