Негізгі Жаңалықтар Көкжөтел ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Көкжөтел ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Аймақта көкжөтел ауруы өткен жылмен салыстырғанда жиілеп тұр. Жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 115 бала осы жұқпалы дертке шалдыққан. Әсіресе, 1 жасқа толмаған сәбилердің арасында ауру көрсеткіші жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары айтты.

Облыста көкжөтелмен ауырғандар саны артқан. Дәрігерлердің бұлай деп дабыл қағуының себебі бар. Былтыр небәрі 3 науқас тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 16 пайызға артып, 117 жағдай расталған.

Жаңа туған сәбилерді көкжөтелден қорғаудың бірден-бір жолы – вакцинация. Өкінішке қарай, екпе алмаған балалар арасында аурушаңдық басым. Мәселен, көкжөтелге шалдықты деп ресми түрде тіркелген 145 баланың 93-і екпе алмаған. Себептері әртүрлі: медициналық қарсы көрсетілімдер, екпе жасына жетпеу, не ата-ананың бас тартуы.

Облыс бойынша 1 жасқа дейінгі балалардың 83%-ы ғана вакцина алған. Бұл жеткіліксіз, себебі қауіпті аурулардан қорғану үшін ұжымдық иммунитет керек, деген мамандар уақытылы екпе алудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

Бөлісу