С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің студентері мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат алды. «MEMLEKETTIK QYZMET: мүмкіндіктері мен болашағы» атты форумда оқуды үздік аяқтап жатқан түлектерге жаңа мүмкіндіктер таныстырылды.
Форумда жас мамандардың әкімшілік қызметке кірудің бірнеше жолдары айтылды. Конкурстық іріктеу мен онлайн форматта өтініш қалдыру арқылы мемлекеттік қызметке кіруге болады. Айта кету керек, Е-kyzmet ақпараттық жүйесі арқылы іріктеу үдерісі де қарастырылған.
Соңғы өзгерістер бойынша мемлекеттік қызметке кіру жолдары жеңілдетілді. Ең маңыздысы онлайн режимде іріктеуді пилоттық сынақтан өткізеді. Бұл жоба үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Жиында кадр тапшылығы да айтылды. Ал ауыл жастарын мемелекеттік қызметке тарту үшін «Дипломммен ауылға» жобасы іске қосылған.
Жиында мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар бұл саланың маңыздылығын атап өтті.