ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл елде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 263 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік және 115 медициналық пункт жұмыс істеп тұр. Өңірдегі денсаулық сақтау саласында да атқарылған жұмыстар мен тың бастамалар ауқымды. Мәселен, азаматтардың денсаулығын жақсарту, жедел медициналық көмек көрсету, шалғай ауылдарда медициналық пункт жұмысын жандандыру жайы да басты назарда.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жалпыұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдарға 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған.

Медициналық көмектің сапасын арттыру мен жаңа технологияны жүйеге енгізу мақсатында биыл өңірде 44 дәрігер шетелдің жетекші клиникаларында оқу-тәжірибеден өтті.

Бұл шаралардың барлығы облыстағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Шетелдік клиникаларда алған білім облыста сәтті жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылда жоғары технологиялы медициналық көмектің сапасы артқан.