Елде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Эконауқанға биыл 6 млн. адам қатысты. 3 миллионнан аса жасыл желек отырғызылды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акция азаматтарға айрықша түрде оң әсер етті. Науқандық шара ретінде ғана өтіп қоймай, тұтас идеологиялық, саналық тұрғыда пайдасын тигізді. Қоғам белсенділері мен еріктілер осындай пікірде.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы облыста басталғалы бері сенбіліктерге 541 мыңнан астам адам қатысып, 6,5 мыңнан астам техника жұмылдырылды. 204 саябақ, 323 тарихи-мәдени ескірткіш пен 859 әлеуметтік нысан қосықтан тазартылды. 7 мың су айдыны, 26 субұрқақ және 370 шақырым арық ретке келтірілді.
Әуелде Президенттің тап¬сыр¬масымен жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қазіргі уақытта жалпыхалықтық сипат алды. Межелі уақыт өткенмен, айналадағы тазалықтан бейжай қалмаймын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары күн сайын артып келеді. Әсіресе, жастарды мұндай шараларға тартудың маңызы зор.
Биыл «Таза Қазақстан акциясы 6 миллионнан астам адамды біріктірді. Науқан аясында жаппай сенбіліктер өткізілді. Нәтижесінде 1,5 млн. астам ағаш көшеттері отырғызылды.