Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 32-қысқы Универсиада ойындарында жерлесіміз Анастасия Городко фристайл–могулдан жұптық сайыста жеңімпаз атанып Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді сыйлады. Анастасия Городко Универсиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды.
Жерлесіміз Аяулым Әмренова күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал дүбірлі доданың екі дүркін жеңімпазы атанған Анастасия Городко өзінің сұхбатында діттеген мақсатына жеткенін айтты.
Ал ерлер арасындағы сында жұптық сайыста Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда Жапония спортшысы Шиме Кавокеден айласын асыра алмады.Фристайл-могул санатында өнер көрсеткен спортшылар қысқы Универсиадада ел қоржынына төрт жүлде алып келді.