Биыл өңірде пайдаланылмай жатқан 117 мың га. жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар аймақта 2022 жылдан бері іске асырылып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тағы қандай мәселелер айтылды сюжеттен көрелік.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қайтару жұмысы қарқынды екенін айтты. Аймақта қолға алынған бастама аясында мемлекет меншігіне 300 мың гектар жер қайтарылған.
Бұдан бөлек, өткен жылы мал басы санының артуына байланысты жайылымдарға қажеттілік 70 мың гектарға жуық аумақты құраған.
Өткен жылы аймақ бойынша жер қатынастары саласында барлығы 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.