Өткен жыл облыста «Жол жылы» болып жарияланып, осы бағытта айтарлықтай шаруа тындырылды. Мәселен, Республикалық және облыстық маңызға ие 600 шақырым жол жөнделіп, осы мақсатқа 31,5 миллаиард теңге қарастырылды. Жоғарыда аталған жолдың 220 шақырымы облыстық ал 380 -і аудандық маңызға ие жолдар мен көшелер. Күрделі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын табады. Жоспарланған жұмыс барысы қандай? Тілшілер сюжетінде.

Жол жылы аясында өңірде 114 ірі жоба іске асырылды. Сонымен қатар туристік базаларға апаратын жолдар да назардан тыс қалмады. Күрделі жөндеуден өтті.

Бұдан бөлек облыс орталығынан шалғай жатқан 80 жуық ауылда асфалть төселмеген. Өткен жылы соның 11 ретке келтірілді. Алдағы екі жылда толығымен жұмысты аяқтау жоспарда бар. Өңірде жолдарға қайта жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сай жалғасын табады.

Облыс аумағында республикалық маңызға ие 1238 шақырым жол бар. Бұл аумақты күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

Өткен жылдан бастап енгізілген жаңа талаптарға сай кез келген жолдың сапасы тексеруден кейін оң нәтиже көрсетсе ғана пайдалануға беріледі. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы кез келген уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан учаскеге барып, сынама ала алады. Мамандардың айтуы бойынша өткен жылы 2 219 сынама алынып, оның 628-і талапқа сай болмай шыққан.