Өскеменде волейболдан ерлер арасында Зайсан ауданының лига жарысы өтті. Спортшылар сынға түскен сайыста 13 команда өзара кім мықтыны анықтады. 130 ойыншы қатысқан тартысты додаға арна тілшілері де барып қайтты.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында Әнұран ойналып, барша қатысушылар Мемлекеттік Туға қарап сап түзеді. Жарыс барысы тартысты өтті. Қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласқан сайыста жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Барлық командалар кілең мықты ойыншыларын іріктеп әкелген. Солардың бірі - Айнабұлақ ауылының ойыншысы Рауан Уалиханов.
Жалпы, жастардың волейболға деген қызығушылықтары жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатындар көбейіп келеді, дейді ардагер спортшы.
Бұқаралық спортты дамыту үшін Зайсанда атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Ең бірінші кезекте халық денінің саулығы, жас спортшыларды қолдау көзделген.
Бірнеше команда бақ сынаған сайыста осалы болмады. Дегенмен, жеңімпаз да, жеңіліс тапқан да бар. Жарыс қорытындысы бойынша «Зайсан» командасы бас жүлдені алды. Екінші орынды «Айнабұлақ» ауылының командасы еншілесе, үшінші орынға «Шілікті» командасы табан тіреді.