4 миллиард теңге Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталады. Бұл өңір кәсіпорындарының қоршаған ортаны ластағандары үшін төленетін салық есебінен бюджетке түсетін қаржы. «Өскемен Тынысы» экологиялық қорғау бюросының жобалық кеңсе қатысушылары жауапты ведомство өкілдерінен осыған қатысты мән-жайды сұрап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

 «Өскемен Тынысы» экологиялық қорғау бюросының өкілдері салалық басқарма басшылығымен, жауапты мамандармен әр апта сайын кездеседі. Кездесу барысында экобелсенділер қоғамды алаңдатқан және де тұрғындарды мазалаған маңызды сұрақтарды көтеріп, оны шешудің жолдарын қарастырады.

Мамандардың айтуынша жоғарыда аталған соманың тең жартысын эмиссия үшін «Казцинк» компаниясы төлейді. Бұл айыппұл емес, жыл сайын компания бюджетке ауаны ластаушы газдардың шығындылары үшін төленетін салық түрі.

Осы сияқты кездесулер өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қоғам белсенділерімен ашық тілдесулеріне еш кедергі жоқ екендігінің айқын дәлелі. Себебі, экологиялық ахуалды бірлесе күш біріктіре жұмыс жасаған кезде ғана жақсартуға болады.