Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылында жаңа хоккей алаңы ашылды. Қысқы спорт түрлерін ұнататын жандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бұл жерде тек спортпен айналысып ғана қоймай, түрлі жарыстарға дайындалуға болады.
Жаңа хоккей алаңының ашылу салтанатына Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов арнайы келді. Бұдан бөлек, мұнда қоғам белсенділері, аудан тұрғындары да жиналды.
Жаңа алаңның ашылуына орай жарыс ұйымдастырылды. Командалар – Ұлан мен Глубокое ауданының өрендері. Қатысушылар жарысқа қызу дайындықпен келген.
Хоккей алаңының басты демеушісі – Данил Воропай. Ол тұрғындармен бірігіп, туған жерге осындай сый жасауды ұйғарған. Данил Воропай мұз айдынының сапалы жасалғанын тілге тиек етіп, алаңның ашылуына себепкер болған жандарға алғысын жетізді.
Хоккей алаңының көлемі 30 шаршы метрге жуық. Балалар емін-еркін жүріп-қозғалуларына бар жағдай жасалған.