А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты дәстүрлі интерактивті әдеби көрме ашылды. Көрме биыл аталып өтетін айтулы мерейтойларға арналған. Келушілер назарына қазақ әдебиеті пен мәдениетінің дамуына сүбелі үлесін қосқан, тарихқа із қалдырған ұлы тұлғалардың мұрасы ұсынылған.
Интерактивті көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, облыстың қоғам қайраткерлері, тарихшылар, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Өздерінің даңқты істерімен есімдері ел есінде қалған тұлғалар жетерлік. «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты интерактивті көрменің осы жандарға арналуы ұлағатты іс. Көрме қонақтары шарадан мерейтой иелерінің өмірі мен қызметі туралы ақпараттар алды.
Шараға қатысқандардың көпшілігі – студенттер. Көрсем, білсем деген білімге құштар жастардың қатары мол. Кітап көрмесі жыл көлемінде жұмыс істейді. Оқырман қауым кез-келген уақытта кітапханаға келіп, қалаған туындысын оқуға мүмкіндігі бар.