«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «AMANAT» партиясы өкілдері қарттарға көмек көрсетіп, жағдайларын біліп қайтты. Бұдан бөлек, «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері ардагерлердің үйлеріне барып, ауласын қардан, қоқыстан тазартты.

 «АМАNАТ» партиясы жалғызбасты зейнеткерлерге дәрі-дәрмек және азық-түлік жеткізу, пәтер және аулада қоқысты жинау, үйді ретке келтіру сынды көмекті үнемі көрсетеді. Бүгін еріктілер соғыс ардагері, әскери байланысшы болған Анастасия Светочёваға жәрдемдесті. Ол 102 жасқа толса да, әлі тың.

Қарттарға қолғабыс ету парыз. Аға буын өкілдерінің ел мен жерге сіңірген ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Олардың естен кетпес естеліктері мен даналығы, халқымыздың өткені мен болашағын байланыстыратын тәжірибесі мен дағдылары – баға жетпес құндылық. Сондықтан, тек бұл күні ғана емес, қарияларға деген құрмет күнделікті өмірдің амалына айналуы тиіс», – деді облыстық мәслихат депутаты Николай Нечепуренко. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы алдағы уақытта да жалғасын табады.