Өңірде «Есептегі тұлға» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары бұл уақытта ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексереді. Ондағы мақсат-бұрын полицияның тіркеуінде тұрғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою. Сонымен қатар азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексеру.

 «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық шарасының мақсаты – бұрын сотталғандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұдан бөлек, жергілікті полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Тәртіп сақшылары есепте тұрған азаматтардың үйлерін аралады. 400- ге жуық тұрғын тексеріліп, бірнеше заң бұзушылық анықталды.

 «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық шарасы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.