Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары мен білім бөлімі, «Казцинк» компаниясымен бірлесіп арнайы шара ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан акция балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шара аясында Өскемендегі №15 орта мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, жарық шағылыстырғыш арнайы білезіктер табыс етілді.

Шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында өткізілді.

 «Светлячок» білезігін қолға немесе оқушы сөмкесіне тағуға болады. Мұндай білезіктерді пайдалану көліктердің соқтығысу қаупін азайтады. Жаяу жүргіншілер жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санатына жатады. Статистика сүйенсек, жолдағы келеңсіз жағдайлардың көбі түнде тіркеледі.

Алдағы уақытта «Казцинк» компаниясының өкілдері мұндай шаралардың ауқымын кеңейтіп, облыс орталығындағы барлық мектептерді қамтуды жоспарлап отыр.