Пушкин атындағы облыстық кітапханада белгілі фототілші марқұм Есімхан Орынбаевқа арналған «Ес-аға фотожурналистика клубының» ашылуы өтті. Шараға танымал фотографтың жақындары, бірге істеген әріптестері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Танымал фототілші Есімхан Орынбаевтың туғанына биыл 70 жыл. Ол 1955 жылы жер жәннаты Жетісу өңірінде дүниеге келген. Иркутск мемлекеттік университетінің фотография бөлімін тәмәмдаған ол 1986 жылы Өскеменге қоныс аударады. Есімхан Орынбаев сол кездегі «Коммунизм туы», қазіргі «Дидар» газетінде қызмет етіп, өмірін фотожурналистикаға арнаған. Өз ісінің хас шебері облыс тарихындағы маңызды оқиғалар мен ерекше сәттерді фотосуретке түсіріп, артынан өшпес із қалдырған. Шараға жиналған әріптестері ол кісі қалжыңқой, жайдары мінезді азамат еді, деп ыстық ықыласпен еске алады.

Клубтың ашылуына мұрындық болған Қазақстан журналисттер одағының ШҚОФ төрағасы Мерей Қайнарұлы. «Ес-аға фотожурналистика клубы» өскелең ұрпақ үшін үлкен өнеге. Жас журналисттер мен фототілшілер үшін сарқылмас білім нәрі болары даусыз, дейді.

Сондай-ақ шараға Есімхан Орынбаевтың қызы Әсел Орынбаева да қатысты. Есаға фотожурналистика клубының ашылуы отбасымыз үшін үлкен қуаныш, дейді.

Есімхан Орынбаевтың түсірген фотопленкалары қазір цифрландырылуда. Фотосуреттер іріктеуден өткеннен кейін қараша айында фотографтың 70 жылдық мерейтойына арналып жаңа жинақ оқырманға жол тартпақ.