Аймақтағы мал шаруашылығында өсім бар. Өңір шаруашылықтарында 361 мыңнан астам ірі қара, 551 мыңнан астам қой-ешкі, 224 мың жылқы, 25 мың шошқа және 285 түйе бар. Жалпы, облыстағы төрт-түлік ойдағыдай қыстап шығу үшін жем-шөптің жеткілікті мөлшері дайындалған.
Жем-шөп дайындау — ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды шара. Өңір үшін шаруашылықтардың барлық санатындағы төрт-түлікті толық жеммен қамтамасыз ету үшін 1 миллион 575 мың тонна шөп, 168,5 мың тонна пішендеме, 250 мың тонна сүрлем, 88 мың тонна сабан, 141 мың тонна құрама жем дайындалды. Мамандардың айтуынша, облыста мал қыстауы ойдағыдай өтіп жатыр. Өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – Алтай өңіріндегі тауарлы-сүт фермасы. Шаруа қожалығы биылғы қыс маусымын сәтті өткізуде.
Жем-шөп дайындау мал шаруашылығының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Облыста Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Марқакөл аудандарында малшаруашылығының өріс алуы байқалады. Аймақта жем-шөп тапшылығы мен малға берілетін астық бағасының өсуі тіркелген жоқ.