«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері студенттермен кездесті. Кездесудің мақсаты - қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін арттыру. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан бастама – жастарды жұмысшы мамандықтарға бағыттау, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қоғамның осы салаларға көзқарасын жақсарту үшін жасалған нақты қадам.
Ел экономикасының әлеуетін арттыруда қарапайым еңбек адамдарының қосар үлесі зор. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады,дейді өндіріс орнының маманы Евгений Кузьмин.
Жиынға қатысқан студенттер мамандық таңдау туралы ой бөлісті.Колледж студенті Елдос Елеусізов болашақта өнідіріс орнында қызмет еткісі келеді.Себебі, жұмысшы мамандықтарға мемлекет тарыпана көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жыл сайын артып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Аймақта «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жоспарлаған шаралар легі әлі де жалғасын табады.