Жұмысшы мамандықтары жылына орай облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Еңбекқорлық – қоғамның өркендеу кепілі» атты форсайт форум өтті. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды еңбекқорлыққа баулу әрі болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға ынталандыру.

Форумда түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өскемен ЖЭО», «Казцинк» ЖШС сынды ірі кәсіпорындардың өкілдері жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы айтып, жастарды еңбек жолында табандылық танытуға шақырды.

Шараға қатысушылар кездесуде өз ойларын ортаға салып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Форум аясында кітап көрмесі мен фотоаймақ ұйымдастырылып, жастарға жұмысшы мамандықтар жайлы ақпараттар ұсынылды.

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жұмысшы мамандықтар жылына орай алда түрлі бағыттағы шараларды өткізу жоспарланған.