Аймақта іске асарылған «Ауыл аманаты» бағдарламасын әртараптандыру қажет. Жалпы шығыста жоба аясында жүктелген міндеттер толық іске асырылған. Бұдан бөлек, облыстағы ауыл халқының кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашу мақсатында Google Cloud атты деректер базасы құрылды. Ақпарат көзіне қол жеткізу үшін QR-кодты сканерлеу қажет. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов айтты.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі - Айым Қабылбаева. Ол 2,5 пайызбен несие алып, тігін шеберханасын ашқан. Қазіргі уақытта оның қолынан шыққан бұйымдар Шемонайха ауданы тұрғындары арасында сұранысқа ие.

Ал Марина Блок есімді кәсіпкер жергілікті туризмді дамыту мақсатында қонақ үй қызметін іске қосқан. ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов мұндай бастамаларға мемлекет тарапынан көмек берілуі қажет, дейді.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасын аймақта іске асыру қарқынды.Сапар барысында ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген қаражат мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету керектігін айтты.

Сапар барысында ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тұғжанов, Глубокое ауданы мен Риддер қаласына да барды.