Өскеменде әйелдер арасында волейболдан ұлттық лига ойындары өтіп жатыр. Жергілікті құрама «Берел» командасы Жетісудан келген қарсыластарын өз алаңында қабылдады. Ұлттық лига ойындарына енгізілген өзгерістерге сәйкес плей-офф кезеңі жаңартылды. Енді үздік алты команда өзара кім мықтыны анықтайды.

 «Жетісу» мен «Берел» құрамалары арасындағы ойын тартысқа толы болды. Қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласқан сайыста жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті.Дегенмен, талдықорғандық құрама қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ұлттық лигада өнер көрсететін құрамалар арасында осалы болмады. Дегенмен, жеңімпаз да, жеңіліс тапқан да бар. Турнирдің төменгі сатысына жайғасқан «Қарағанды» — «Алматы», «Ақтөбе» — «Ару-Астана» командалары 5-8 орындарды сарапқа салады.