Президент биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай, «Өскемен ГЭС» ЖШС базасында мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Мұнда кәсіби мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп оқушыларына ақыл кеңестерін айтты.
9 сынып оқушысы Айзада Мархабатқызы бұл шараға арнайы келген. Болашақта энергетика саласында жұмыс істегесі келеді. Оның да өзіндік себебі бар, дейді.
Шара аясында мектеп оқушылары ғимаратта экскурсия жасап, заманауи технологиялармен танысты. Қатысушылар арасында квест ойыны да ұйымдастырылды. Жиынға мұрындық болып отырған облыстық білім басқармасы. Сала мамандарының сөзінше жұмысшы мамандықтар бойынша бөлінетін грант саны жыл сайын артуда.
Құрал-жабдық, технологиялар қанша озық болса да, оларды пайдаланудың сенімділігі сол жабдықтармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігіне байланысты, дейді мекеме басшысы Тілек Айдабулов.
Ашық есік күні алдағы уақытта аймақтағы ірі кәсіпорындар да жалғасын таппақ.