Өскеменде әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызмет нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері жүргізілген тексеріс нәтижелерін тыңдап, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Кеңестің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында 22 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарлы тексеру жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласында бірқатар заң бұзушылық анықталған.

Өзгеде жүргізілген тексерістер нәтижесінде өңірге қарасты аудандарда да заң талаптарын сақтамау дерегі анықталған.

Бұдан бөлек, кеңестің отырысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2024 жылғы тәртіптік комиссиясының жұмыс нәтижелері қаралды. Нәтижесінде 23 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылса, 7 маманға қатысты қызметтік тергеу жүргізілген.

Жиын соңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.