Өскеменде «Наурыз бата – ұлттық тәрбие» атты шара өтті. Шараға ЖОО студенттері, оқытушылар мен ақсақалдар қатысты. Мақсат – жастарға ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр жайлы ақпарат беріп, оның маңыздылығын түсіндіру.
Бата беру – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ізгі дәстүр. Бата – жақсылық тілеудің, ізгі ниет пен ақжарма тілектің көрінісі. Ал бата сұрау – үлкендердің ықыласы мен игі тілекке бөлену деген сөз.
Шара барысында жастар үлкендерден бата алып, оның мән-маңызына тереңінен үңілді.Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Ал жастарға тек білім беріп қана қоймай, ұлттық тәрбие беруді де басты назарда ұстау керек дейді, педагогтер.
Бата – адамды мейірімділікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа тәрбиелейтін ерекше дәстүр. Сондықтан бата беру мәдениетін сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.