Өскемендегі Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Наурыз мерекесіне орай қазақтың дәстүрлі зергерлік өнеріне арналған көрме ашылды. Шараның мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу және отандық қолөнер шеберлерін қолдау
Көрмеде алтын, күміс, асыл тастармен көмкерілген әшекейлер мен түрлі сәндік бұйымдар келушілер назарына ұсынылған. Әрбір туындыда ұлттық нақыштағы бейнелер айқын көрінеді.
Көрмеге шығысқазақстандық белгілі зергерлерлер, Қазақстан қолөнер шеберлері одағының мүшелері, көптеген облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары өз туындыларын ала келген.
Көрмеге келген қонақтар зергерлер жасаған әсем әшекейлерге ерекше қызығушылық танытты. Әсіресе, моншақтар, алқалар, тұмар мен сақиналар сұранысқа ие.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған көрме халықтың қызығушылығын оятты. Келушілер шеберлердің туындыларын тамашалап қана қоймай, өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып алды.