Телевизия – бір орнында тұрмайтын, үнемі жаңашылдықты талап ететін сала. Көрермен талғамы өзгерген сайын, ақпарат тарату тәсілдері де жетілуі қажет. Осы мақсатта «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тәжірибелі мамандары аймақтарды аралап, шеберлік сабақтарын өткізуде. Бұл жолы корпорация өкілдері «Altai» телеарнасына келді.
Мамандар сюжет әзірлеудің жаңа тәсілдері мен эфир мәдениеті туралы құнды ақпараттарымен бөлісіп, әріптестерінің кәсіби біліктілігін арттыруға үлес қосты. Шеберлік сабақтары бірнеше күнге жалғасады. Бұл аралықта мамандар шығармашылық топқа жаңа технологияларды пайдалану, ақпараттық бағдарламаларды дайындау әдістері, сюжет құрудың тиімді жолдары және телевизиялық жобалардың көрерменге әсерін арттыру туралы тәжірибелерімен бөліспек. Мұндай кездесулер тек білім алмасу алаңы ғана емес, телевизия саласының дамуына серпін беретін маңызды шара.