«Таза Қазақстан»-тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Экологиялық акция аясында облыстың түкпір-түкпірінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі істер қолға алынуда. Осындай шара Зайсан көлінің жағасында өтті. Туған жердің табиғатын қорғап, қоршаған ортаның тазалығына мән беруге үндейтін бұл бастамаға Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы да өз үлесін қосты. Инспекция мамандары «Таза су айдындары» акциясын ұйымдастырып, көл жағалауын қоқыстан тазартты.
Қазақстандағы ең ірі су айдындарының бірі — Зайсан көлі. Балықшылар жыл сайын «Таза су айдындары» экологиялық акциясын көл жағасында өткізуді игі дәстүрге айналдырған. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға инспекция мамандарымен бірге ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен еріктілер белсене қатысты. Бірнеше күн ішінде 200 шақырымға жуық көл жағасы тұрмыстық қаттық қалдықтардан тазартылып, нәтижесінде 15 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырған сенбілікке жүзден астам азамат пен алты жүзу құралы, 25 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 27 заңсыз балық аулауға арналған құрал мен 24 құрма ау жағаға шығарылды.
«Таза Қа¬зақстан» эко¬ло¬гия¬лық акциясы қазіргі уақытта жалпы¬ха¬лық¬тық сипат алды. Жер-жерде жүйелі түрде өткен сенбіліктер бұған дәлел. Ал Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырған шара 31 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында өңірге қарасты су айдындары қоқыстан тазартылады.