Облыс орталығындағы № 34 мектеп-лицейінің аумағында жаңа спорт алаңы ашылды. Игі бастаманың іске асуына мұрындық болған «Казцинк» ЖШС. Жоба облыстық әкімдікпен ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асқан. Рет – ретімен әріптесім айтсын.
Бұл мектеп облыс орталығындағы жалғыз спорт алаңы жоқ білім ошағы болған. «Казцинк» компаниясы қолға алған «Арман қала» әлеуметтік акциясының аясында бұл мәселе шешімін тапты.
Спорт алаңының ашылуы № 34 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары үшін көптен күткен сәт. Енді дене шынықтыру сабақтары арнайы жабдықталған орында өтеді. Мұнда балалар өздерінің спорттық дағдыларын жетілдіреді.
«Казцинк» ЖШС аймақтағы әлеуметтік жобаларды қолдауға көп көңіл бөледі. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.