Бүгін - ветеринария саласының өкілдері үшін ерекше күн. Өткен жылдың 10 шілдесінен бастап елімізде «Ветеринария қызметкерлері күні» ресми түрде аталып өтуде. Бұл – төрт түліктің амандығын күзетіп, адамзаттың саулығына да жауапты маман иелерінің еңбегін бағалаудың белгісі.
Облыс аумағында ветеринария саласында 500 ден аса адам еңбек етеді. Өңірдегі биологиялық жағдай да тұрақты. Ал бұл салада жүрген мамандардың негізгі міндеті - жануарлар денсаулығын бақылауда ұстау және инфекция ошақтарының алдын алу. Бұл мақсатта заманауи диагностикалық әдістер, жоспарлы профилактикалық шаралар жүргізіліп келеді.
РАМИЛЬ САҒАНДЫКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты. Аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Қазіргі таңда облыс әкімінің бұйрығымен бюджеттен ақша бөлініп отыр, қосымша 132 автокөлік аламыз.
Атаулы күнге орай мал шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін үздік ветеринарларға облыс әкімінің алғыс хаты мен арнайы марапаттар табысталды.
ЖАЙЛАУХАН ТУРАБАЕВ, «ТАРБАҒАТАЙ-ВЕТ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Облыстық басқарма басшылығы тарапынан ветеринария саласының қызметкерлі риза болып отырмыз. Биыл міне біздің автокөлігіміз жаңартылып жатыр. Бұл 2010 жылдан кейінгі бірінші жағдай. Қазір облыс көлемінінде 116 автокөлік берілді. Ол дегеніміз әрбір ауылдық округтерге және мал дәрігерлерінің сапалы қызмет атқаруана өте қажетті техника.
ЖҰМАҒАЗЫ ОРАЗАЛИН, «ӨСКЕМЕН-ВЕТ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Дендеріне саулық, бастарына амандық тілеймін. Әрине бұл еңбек ауыр, жетістікке жете берсін, ақ жол бәріне. Бүгінгі күні міне мараппаттап еңбегімізді бағалап жатыр. Үлкен рахмет айтамыз.
Аймақта ветеринар мамандары заман талабына сай әрекет етіп, жұқпалы аурулардың алдын алуға жүйелі күш жұмсап келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да - бұл салаға деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі. Ал кәсіби мерекеде марапатталған әрбір маман осы сенім үдесінен шығып жүрген нағыз еңбек иесі.
БЕКАРЫС СЕКЕН