Қарулы күштер қатарындағы тәртіп пен қауіпсіздік ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттың бірі. Заң бұзушылықтың алдын алу үшін әскери ортада ақпараттық-түсіндірме, алдын алу жұмыстарын күшейту маңызды. Бұл бағытта аймақтағы әскери тергеу басқармасы кешенді шаралар легін іске асырып келеді.
Заң мен тәртіп әскери ортадағы тұрақтылықтың басты кепілі. Бұл талап тек жас сарбаздарға ғана емес, бүкіл әскери ұжымға ортақ. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында әскери тергеу басқармасы профилактикалық шараларды жүйелі түрде күшейтіп келеді. Басқарма Шығыс Қазақстан облысындағы барлық әскери бөлімдермен қатар, Абай облысының Көкпекті, Ақсуат және Жарма аудандарын да қамтиды. Өскемен гарнизонында Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі және өзге де құрылымдар қатаң бақылауда.
ДАРХАН ҚАСЕНОВ, ҚР ІІМ ШЫҒЫС ӨҢІРЛІК ӘСКЕРИ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
2022 жылдан бастап, еліміздің президенті барлық қарулы күштерге қойып отырған міндеті ол қылмыстың алдын алу профилактикалық жұмысты қарқынды түрде күшейту жоспарлы түрде кешенді жұмыс атқарып келеміз. Жыл басында зерделеу жұмыстары жүреді гарнизонда немесе әскери бөлімде қандай қылмыс болғаны анықталып былтырғы жылмен салыстырмалы түрде тексеріп қай жерде қылмыс саны көп сол жердің профилактикасын күшейтуге тырысамыз.
Қызмет барысындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында бөлімшелерде жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Әскери тергеу басқармасы мен әскери полиция жеке құрамның қызметін, орналасу жағдайын және қарым-қатынас тәртібінің бекітілген талапқа сай жүргізілуін қамтамсыз етеді.
ЕРАСЫЛ ЫНТЫҚБАЕВ, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ 5518 Ә/Б КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.А:
Қазіргі таңда бізде 5518ә/б жеке құрамымен, Өскемен бөлімінің әскери тергеу басқармасы және де әскери бөлім полициясымен бірлесе отырып, жеке қрамның қызметін дұрыс және қырағылы атқаруы үшін көптеген профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Оны атап өтсек әскери бөлімнің жеке құрамының қызмет атқару орындарын тексеруге және де жас сарбаздардың толығымен қамтамасыз етілуін керекті жарақтармен тексеріледі. Сондай ақ кезектен тыс дене тексерулері өткізіліп отырады.
Мамандар алдымен әрбір әскери қызметшімен жеке сұхбаттасу жүргізіп, олардың жағдайын біледі. Бұл – құқықтық сауаттылықты арттырумен қатар, ішкі тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар.
ҰЛАН ДАМБУЛОВ ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ 5518 Ә/Б ЕКІНШІ ЖЕДЕЛ МАҚСАТТАҒЫ БАТАЛЬОН ФЕЛЬДШЕРІ:
Күнделікті белгіленген күн тәртібіне сәйкес әскери тергеу басқармасымен және бөлімнің әскери қызметкерлерімен дене тексерісін өткіземіз. Сарбаздар арасында ұрыс керістің болмауы мақсатында дене тексерісін өткізіп, дене жарақтарын анықтау сол мақсатта жүргіземіз.
Құқықбұзушылықтың алдын алу – үздіксіз және жүйелі атқарылатын маңызды міндет. Әскери ортадағы тәртіп пен қырағылық – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың басты ұстанымы.
НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ