Тақырыпты жалғастырамыз... Глубокое ауданында да мерекелік шара өтті. Жиында ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталып, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара аудан әкімі Эльдар Тұмашиновтың құттықтау сөзінен басталды. Ол Конституция - елдің бірлігі мен әділдіктің символы екенін атап өтті.

Эльдар Тұмашинов, Глубокое ауданының әкімі:

Конституция жай ғана құжат емес, ол қоғамымыздың бірлігінің нышаны. Әділдікке, теңдікке, және әрбір адамға құрмет көрсетуге деген ұмтылыстардың көрінісі. Осы мереке күні барша аудан тұрғындарына зор денсаулық, мол бақыт, және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін.

Бұдан бөлек, мерекелік шарада «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бұл жоба отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және ұлттық дәстүрді сақтауға бағытталған. Биылғы сайысқа Глубокое ауданынан он отбасы қатысқан.

Роза Әділбаева, Глубокое ауданы Аналар кеңесінің төрағасы:

Отбасының сақталуы, құндылығын дәріптейміз. Осындай «Мерейлі Отбасы» деген конкурс өткіздік. Ол республикалық конкурс. Біз аудандық деңгейде өтіздік. Екі отбасыны облыстық деңгейге жібердік.

Ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген бірқатар тұрғындар марапатқа ие болды. Солардың қатарында тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлмира Мырзағұлова да бар. Оның еңбегі көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

Гүлмира Мырзағұлова, Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:

Глубокое кентінде осы мереке қарсаңында керемет ұйымдастырылған үлкен іс шара өтуде. Концерттік номерлер жалғасуда, көрмелер ұйымдастырылуда. Викториналық ойындар, түрлі іс шаралар, ұйымдастырылып жатыр. Енді осы мерекемен барша кентіміздің тұрғындарын, барша Қазақстандықтарды құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Конституция күніне ұйымдастырылған бұл шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдің бірлігі мен тұрақтылығын тағы бір мәрте айшықтады.


Бекарыс Секен